$ 494.87  520.65  4.91

Мумбайлық баланың аузынан дәрігерлер 232 тісін алып тастады

Мумбай хирургтары 17 жасар Ашик Гаваидің аузынан 232 тісін алып тастады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Дәрігерлер баланың күрделі одонтомадан зардап шегіп отырғанын айтады. Яғни, балада туабітті тіс қабынуы болып, сонын салдарынан аузында артық қатты тіндер пайда болған. Ата-анасы баланы дәрігерлерге оң жақ төменгі жағы ісіп кеткен шағында әкелген. 7 сағатқа созылған отадан соң баланың аузында небәрі 28 тісі қалған.

Дәрігерлер алдымен баланың аузына жеңіл ота жасаймыз деп ойлаған. Алайда, аузын ашып қарағанда інжу тастардай тізіліп тұрған тістерін көрген. Бірнеше сағатқа созылған отадан кейін дәрігерлер үлкен тұтас тіске кезіккен. Оны қалай аларын білмеген соң, үгітіп алуға көшкен. Нәтижесінде стоматологтар баланың жақ сүйегін сау күйінде сақтап қала алған.

Ота жасалған стоматологиялық бөлімнің басшысы Сунанда Дивардың айтуынша, осыған дейін ең көбі 37 тіс болған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары