24.07.2014, 12:15

Жоғалған Алжир ұшағы құлаған боп шықты

Сурет: aviaradar.ru

Swiftair испандық компаниясымен бірлесіп рейс жасаған Air Algerie ұшағы Нигер астанасының маңына құлады, деп хабарлайды РИА Новости алжирлік Ан-Нахар телеарнасына сілтеме жасап.

Бортта болған барлық 110 жолаушы және 6 экипаж мүшесі қаза болған деп болжануда.

Еске сала кетсек, Алжир астанасынан Буркина-Фасо еліне бет алған авиалайнермен байланыс Малидің әуе кеңістігінде үзілген болатын.