Тель-Авивтегі әуежайда елге қайта алмай отырған қазақстандықтардың саны 70-ке жетті, бұған дейін БАҚ-тарда 15 адам делінген болатын, деп хабарлайды 24kz.
Бұл туралы туристердің өздері хабарлаған. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық саяхатшыларды дереу елге қайтару үшін тиісті шараларды шұғыл қолға алды.
Қазірдің өзінде Палестинада жүрген 13 жерлесіміз Израильдегі Қазақстан елшілігіне жеткізілді. Енді оларды тез арада Түркияға жеткізу үшін барлық өкілетті органдармен келіссөздер жүргізілуде. Тағы 17 қазақстандық Тель-Авив пен Иерусалимнің қонақүйлеріне жайғастырылған.