$ 494.87  520.65  4.91

Украина премьер-министрі Яценюк отставкаға кетті

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Жоғарғы Рада отырысында «Еуропалық таңдау» коалициясының ыдырауына байланысты өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды УНИАН.

― Біз парламенттік-президенттік республика болғаннан кейін үкіметтің бірінші амалы мынау болып тұр: коалиция ыдырады, премьер-министр жаңа коалиция қалыптастыру рәсімін бастайды. Бұл нені білдіреді? Бұл - премьер-министр коалицияға коммунистер мен «аймақтарды» алуы керек деген сөз. Мен мұндайды ешқандай жағдайда да қолға алмас едім. Осы орайда, мен коалицияның ыдырауына және үкіметтік бастамалардың тоқтатылуына байланысты өзімнің отставкаға кететінімді мәлімдеймін, ― деді Яценюк.

Рада төрағасы Александр Турчинов «Еуропалық таңдау» коалициясы қызметінің тоқтатылатынын хабарлады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, УДАР және «Свобода» фракциялары Украина президентіне парламентті таратып, сайлау өткізуге негіз беру үшін коалициядан шығатынын мәлімдеді. Украина Конституциясы бойынша егер отыз күн ішінде Радада жаңа коалиция құрылмаса, Украина президенті Жоғарғы Раданы тарата алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары