$ 494.87  520.65  4.91

Алжирде ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

Алжирде «Air Algerie» авикомпаниясының ұшағының апатқа ұшырауына байланысты үш күндік қаралы күн жарияланды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Алжир президенті Әбдел Әзиз Бутефлика «Air Algerie» әуе компаниясының ұшағының құлауына байланысты елде үш күндік қаралы күн жариялады», делінген хабарламада.

Алжирдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы Рамтан Ламамраның айтуынша, «құлаған ұшақтың техникалық ақаулары болмаған». Ол алжирлік билік қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу мәселесі бойынша Мали өкілдерімен тұрақты байланыста екендігін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, 24 шілдеде Буркина-Фасо астанасы Уагадугуден Алжирге бағыт алған McDonnell 83 ұшағымен байланыс жоғалып кеткен. AH5017 рейсін ұшақты испандық Swiftair-ден жалға алған Air Algerie компаниясы жүзеге асырған. Лайнермен байланыс ол Уагдугуден ұшып кеткеннен кейін 50 минуттан соң үзілген.

Ұшақ бортында 116 адам, олардың ішінде 15 елдің азаматы болған, көпшілігі - француздар. Барлығы қаза тапты деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары