$ 494.87  520.65  4.91

Қырым алғаш рет Ораза мейрамын ресми демалыс ретінде атап өтуде

Биылғы жылы шілденің дүйсенбісіне сәйкес келген Ораза мейрамы - дәстүрлі мұсылмандар мерекесін қырымдықтар алғаш рет ресми демалыс күні ретінде атап өтуде, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұдан бұрын тиісті жарлыққа Қырым Республикасы басшының міндетін уақытша атқарушы Сергей Аксенов қол қойды. Республиканың Ұлтаралық қатынастар және жер аударылған азаматтар істері мемлекеттік комитетінің басшысы Заура Смирнованың айтуынша, Ораза мейрамы алғаш рет Қырым тарихында демалыс күні болды.

«Бұл енді діни сенімнен тыс барлық қырымдықтар үшін жалпы мерекеге айналады. Келешекте мұндай мерекелерді барлығымыз бірге атап өтуді жоспарлаудамыз», деп Смирнованың сөзін келтіреді қырымдық үкіметтің баспасөз қызметі.

Бүгін Қырым халқы намаз оқиды, артынша мұсылмандар айт мерекесін тойлайды. Сан мыңдаған жамағат симферопольдық Кәсіподақ мәдениеті сарайында намазға жығылады.

Соңғы халық санағы деректеріне сүйенсек, Қырымда жалпы халық санының 12,5 пайызы мұсылмандар (екі миллионға жуығы) құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары