31.07.2014, 04:00

Азияны безгек індеті мазалап тұр

Сурет: kazmed.ru

Оңтүстік-шығыс Азия аймағында безгек індеті таралуда, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Би-би-сидің жазуынша, зерттеушілер безгек індетінің дәріге бой бермейтінін анықтап отыр.

Камбоджаның, Бирманың (Мьянма), Таиландтың және Вьетнамның бірқатар аудандарында мыңнан астам пациенттерді тестілеу барысында бұл күндері безгекке қарсы ең тиімді дәрілердің бірі —артемизининге де бой бермей тұрған паразиттер анықталған.

Айта кетейік, жыл сайын безгектен жүздеген мың адам көз жұмады, оның басым көпшілігі — Африкада.