$ 494.87  520.65  4.91

Украинаның Жоғарғы Радасы Яценюктің отставкасын қабылдамады

Украинаның Жоғарғы Радасы премьер-министр Арсений Яценюктің қызметінен отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамай тастады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Оның отставкаға кетуіне небәрі 16 депутат қана дауыс берген. Ал, негізінде кем дегенде 226 депутат қолдауы керек еді. Ал, Яценюктің өзі болса парламенттегі коалицияның ыдырауы мен Раданың үкіметтік бастамаларды тоқтатып тастауы себепті қызметтен кеткісі келетіні туралы 24 шілде күні жариялаған болатын.

— Құрметті Украина халық депутаттары, бүгінге екі жаңалығым бар. Біріншісі - Аргентина дефолт жариялады, ал екіншісі - Украина дефолт жарияламады және ешқашан жарияламайды да, — деді ол дауыс беру рәсімінен соң.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары