$ 444.22  476.38  4.82

Малайзиялық Boeing-тің апат орнына барған халықаралық бақылаушыларға оқ жаудырған

Халықаралық сарапшылар және ЕҚЫҰ бақылаушылар тобы малайзиялық Boeing-777 құлаған орынға жетісімен оларға біреулер оқ жаудырған, деп хабарлайды «Қазақпарат».

РИА Новости таратқан ақпаратқа сүйенсек, эксперттер дәл қазіргі сәтте жұмысты жалғастыру-жалғастырмау жайын ақылдасуда. Жапа шеккендер жайында мәлімет жоқ.

Бұған дейін France-Presse агенттігі оқиға орнында бірнеше рет жарылыс болды деген де хабар таратқан.

Еске сала кетсек, Амстердам (Нидерланды) - Куала-Лумпур (Малайзия) бағытындағы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг 777» ұшағы Украина аумағында шілденің 17-сінде апатқа ұшырап, оның бортындағы 298 адам қаза болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары