Израиль мен ХАМАС өкілдері үш күндік бітімге келісті. Атысты тоқтату туралы бітім 1 тамыз күні күшіне енеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл мәліметті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри жария еткен болатын.
Керри бітім туралы Нью-Делиде болған сапары кезінде мәлімдеді. Хабарланғандай, Израиль мен Палестина автономиясы өкілдері келесі келісімдерге келу үшін шұғыл түрде Каирге жол тартады.
«Біз барлық тараптарды гуманитарлық бітім басталғанға дейін сабырлылыққа, ал келісілген уақытта өз міндеттерін қатаң сақтауға шақырамыз» делінген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің бірлескен мәлімдемесінде.
Ал ХАМАС қозғалысы өкілдері 72 сағатқа келісімін берді.
Еске сала кетсек, Израиль 7 шілдеден бастап Газа секторында әскери іс-қимылдар жүргізіп жатыр.