04.08.2014, 04:05

Тағы бір ұшақ Бразилияда құлады

Сурет: inform.kz

Бразилияның Балсас қаласында қос қозғалтқышты «Эмбраер-620» ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Штаттың өрт қауіпсіздігі күзетіне қарасты құтқару қызметінің мәлімдеуінше, ұшқышпен қоса алғанда ұшақ бортындағы 5 адам түгел қаза тапқан. Керісінше, ұшақ құлаған үйде тұратын 3 адам үйдің басқа бөлігінде болғандықтан тірі қалған.

Медициналық жедел жәрдем көрсететін мекемеге тиесілі ұшақ дәл сол рейсте науқастарды алып келе жатқан.