$ 494.87  520.65  4.91

Украина Ресейге қатысты санкциялар қабылдауға кірісті

Украина жақын күндері ресейлік капиталы бар компанияларға санкция салғалы отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.

Мұндай сакнцияны алдында АҚШ пен Еуроодақ жариялаған болатын. Дереккөздердің хабарлауынша, бұл шектеулер капиталының 50 пайыздан астамы Ресейге қарайтын компанияларға салынбақ. Шектеу шаралары қаржы, мұнай-газ қондырғыларын жеткізу мен әскери-техникалық әріптестік салаларын қамтымақ.

Украинаның мемлекеттік фискалды қызметі қазірдің өзінде ел үкіметіне тиісті тізімді беріп те қойған. Онда «1 мыңға дейін» деп көрсетілген.

Дегенмен, айта кетерлігі, шектеу шаралары ресейлік мемлекеттік компанияларға қатысы бар кәсіпорындарға ғана қолданылмақ.

Киев бекіткен санкциялардың бірінші пакеті Вашингтон мен Брюссельде қабылданған шектеулермен өте ұқсас. Мәселен, қара тізімге іліккен компаниялар енді бұдан былай Украинада 90 күннен аса мерзімге несие ала алмайды. Сонымен қатар, олар Украинаға әскери және қос қайтара қолданылатын мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ, мұнай-газ жабдықтарын тасымалдай алмайды.

Бұдан бөлек, енді Украина екінші санкциялар пакетін қарастырып отыр. Ол бойынша, ресейлік капиталы бар компаниялар мемлекеттік тендерлерге қатыса алмайды. Сонымен бірге, РФ-ның газ компаниялары Украина нарығында жұмыс істемейтін болады.

Айта кетерлігі, осы тектес санкцияларды бұған дейін АҚШ пен Еуроодақ қабылдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары