$ 494.87  520.65  4.91

Ани Лорак Украина ІІМ-нің «қара тізіміне» кіруі мүмкін

«Қырымды басып алу мен Украинаны бөліп билеу» идеясын құптаған мәдени қайраткерлер «қара тізімге ілінеді», деп мәлім етті Украина ІІМ кеңесшісі Антон Геращенко, деп хабарлайды «Bnews.kz».

«Украина ІІМ-і Қырымды басып алу мен Украинаның шығысындағы сепаратистік идеяны құптап отырған 500-ден аса Ресей Федерациясының мәдени қайраткеріне елге кіруге тыйым салады», деп жазды Антон Геращенко өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Одессада Ани Лорактың концертін үзбек болған ұлтшылдар әнші өлең айтуы тиіс түнгі клубтың алдында бүлікшілік ұйымдастырды.

Антон Геращенко өткен түні «Ибица» түнгі клубының алдында Ани Лорактың концертін тоқтату үшін жиналған ұлтшыл топ пен полиция арасында орын алған қақтығысқа түсініктеме берген болатын. Онда Геращенко «Қырымды басып алу мен Украинаны бөліп билеу» идеясын құптаған 500-ден аса мәдени қайраткерді қамтитын тізім әзірленіп жатқанын, енді олар үшін Украина аумағына кіруге тыйым салынатынын мәлім еткен-ді.

— Мен Ани Лорак немесе басқа да мәдениет және өнер өкілдерінің Ресейге қатысты қарым-қатынасын жөн санамаймын. Оларға Украина жерінде концерт қойып немесе өлең айтып ақша табуларына мүмкіндік бермеу керек - Қырымға барып концерт берсін!, — деп мәлім етті ол.

Бұдан бұрын Латвия сыртқы істер министрлігі елге кіруге тыйым салынған шетелдіктердің қара тізіміне бірқатар Ресей азаматтарын енгізу жөнінде шешім қабылдаған еді. Олардың қатарында Иосиф Кобзон, Валерия мен Олег Газманов та бар.

Өз кезегінде Днепропетровск облысының мемәкімшілігі қала билігіне Иосиф Кобзонды «Днепропетровск құрметті азаматы» атағынан айыру туралы өтініш білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары