Сауд Арабиясының бас мүфтиі Шейх Абдулазиз аш-Шейх Газа халқын қатігездікпен қырып жатқаны үшін Израилге қарсы наразылық танытқандардың әрекетіне «харам» деп пәтуа берді, деп хабарлайды islam.kz.
Айта кетейік, соңғы уақыттары әлемнің біраз елінде Газа секторын аяусыз бомбалап жатқан Израильге қарсы әскери шабуылын тоқтатуды талап еткен көптеген наразылық шерулері өтіп жатыр.
Ал, Бас мүфти палестиналықтарға көрсетілген мұндай қолдауды «пайдасыз абыр-дабыр» деп бағалап отыр. Естеріңізде болса, бұл бас мүфти Сириядағы радикалдардың әрекетіне оң қабақ танытып, ондағы соғысқа «жиһад» деп баға берген еді.
Сәләфилік бағыт ұстанатын Сауд Арабиясының мұндай пәтуасы бірінші рет емес. Өткен апта да осы Саудияның Жоғарғы сот кеңесінің экс-министрі Шейх Салих әл-Люхайдан да Газаны қолдау үшін ұйымдастырылған шерулерге «харам» деген пәтуа шығарған болатын.