Қасиетті Рамазан айындағы осынау тамаша тартуға ие болған мекеме қызметкерлерінің қуанышында шек жоқ десе де болғандай. Демеушілер құны 4 млн теңгені құрайтын, 200-дей көлік қоюға лайықталған автотұрақты салып, бүгін қолданысқа берді.
- Осы автотұрақ ел игілігіне қызмет ете берсін. Кардиоорталыққа тек тексерілу үшін ғана келейік. Бұл жерге келген науқастар аттай жазылып кетсін, - деді демеушілердің атынан сөз сөйлеген «Корпорация Береке» ЖШС басшысы Рәшкүл Оспанәлиева.
Автотұрақтан бөлек Кардиологиялық орталыққа Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев шамасы шектелген ауыр науқастарды тасымалдауға арналған жеті кресло-каталка табыс етті. Рамазан айында осындай игі сауап істер атқарып, қажетті тартулар жасап жатқан кәсіпкерлерге Орталық қызметкерлері алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.
«SN.kz» - ақпарат»