Қала әкімі дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, медицина саласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 1 маусымнан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілді. 2 қалалық аурухана мен қалалық перзентхана күрделі жөнделуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 8 емхана салынады және инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Шымкентте бұған қоса жаңа 1200 орындық көпсалалы аурухана салынады. Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын көтеруде тұрғын үймен қамту мәселесі шешіледі. Күз айында стансалар 100 жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етіледі, - деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Салтанатты жиында қала әкімі 9 маманға пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ, қаладағы медициналық ұйымдағы 30-дан аса қызметкер денсаулық сақтау министрінің марапатына ие болды. Айта кетейік, қазір қаладағы мемлекеттік 36, жекеменшік 69 медициналық ұйымда 12 мыңнан астам қызметкер халыққа қызмет көрсетеді.
«SN.kz» - ақпарат»