$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте дүниеден өткен белгілі хирург Мәди Биғалиевке арнап ескерткіш тақтайша орнатылды

Отандық медицина саласының белді хирургі Мәди Биғалиевке Шымкент қаласындағы өзі қызмет атқарған ауруханада ескерткіш тақтайша орнатылды. Арнайы жиынға жергілікті әкімдік өкілдері мен медицина саласының қызметкерлері қатысып, өңірдің денсаулық сақтау саласына өлшеусіз үлес қосқан алтын қолды дәрігерді еске алды.

Мәди Биғалиев 63 жылдық ғұмырының 40 жылын медицина саласына арнаған. Қазақстан ғана емес, xирургтың біліктілігін естіген шетелдік науқастар да шекара асып, Мәди Қожаұлының қолынан деріне дауа тапқан. Осы аралықта 8 мыңдай түрлі дәрежедегі ота жасап үлгеріпті. Облыста бірінші болып трасплантология саласының негізін қалаған. Бүгін қайғырып та, қуанып та екі ұдай сезімді кешкен аяулы жары әріптестеріне алғыс айтты.

Мәди Бигалиевтің жұбайы Сәуле Жақсыбаева – Әрине қуаныштымыз, отағасына медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында  құрмет тақтайшасын ашып жатқанына. Қасымызда болғанда, өкінішке қарай осындай жағдай болды. Медицина саласының ардагерлеріне, әріптестеріне, шәкірттеріне  қолдау көрсетіп, құрмет көрсеткендеріне  алғысымыз шексіз. Науқастар ризашылығын білдіріп осы күнге дейін үйге келіп тұрады – дейді.

Хирургтің өзі өмірден өтсе де, көңілге жұбаныш болар артында білікті шәкірттері қалды. Жуырда Мәди Қожаұлының ізбасарлары бүйрек ауыстыру отасын 5 сағат 48 минутта сәтті аяқтап шыққан.

Мәди Биғалиев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын скальпель» халықаралық сыйлығының, ТМД елдерінің хирургтар Ассоциациясының құрметті мүшесі. Шымкент қаласының Құрметті азаматы. 2008-2019 жылдары аталмыш аурухананың бас дәрігері болған Мәди Қожаұлына арналған ескерткіш тақтайша алтын қолды хирургтің еселі еңбегін ұмыт қалдырмайтын болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары