$ 448.15  483.46  4.86

Арыстағы жарылыс кесірінен жарақат алған 8 жастағы бала ауыр халде жатыр

«Жақында баланы мастер-класқа келген шетелдік нейрохирургтарға көрсеттік. Олар жан-жақты емдеп жатыр. Алайда көбінесе бұл дәрігерлердің қолында емес. Жарақаты ауыр, өте күрделі», - дейді Біртанов.
Фото: novostipmr.com
Фото: novostipmr.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыс қаласында жарақат алған 8 жасар баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазір Арыстағы жағдайдан кейін үш адам ауруханада жатыр. Біреуі Шымкент қаласында, енді біреуі Алматыда және бір науқас осында - Нұр-Сұлтан қаласында. Жансақтау бөлімінде жатқан науқасты ерекше бақылап отырмыз. Екі адамның беті бері қарап келеді. Ал 8 жасар баланың жағдайы өте нашар», - деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бала басынан жарақат алған. Оған барлық медициналық көмек көрсетіліп, санитарлық авиациямен астанаға жеткізілген.

«Жақында баланы мастер-класқа келген шетелдік нейрохирургтарға көрсеттік. Олар жан-жақты емдеп жатыр. Алайда көбінесе бұл дәрігерлердің қолында емес. Жарақаты ауыр, өте күрделі. Өкінішке қарай, баланың жағдайы түзеліп келе жатқан жоқ, өте нашар деуге болады. Бірақ біз барлық қажетті көмекті ұйымдастырдық», - дейді Біртанов.

Еске сала өтсек, биыл 24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары