$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте Қан орталығына келген донорларға ерекше құрмет көрсетілді

Бүгін қан орталығына келген әрбір жанға мамандар ерекше ілтипат көрсетті. Кіреберіске қызыл кілем жайып, орталыққа келушілерді көңілді әуенмен қарсы алды.

Осылайша мамандар 14 маусым – Халықаралық донор күнін ерекше атап өтіп, қан тапсыру арқылы өзгеге өмір сыйлағысы келетін жандарға ерекше құрмет көрсеткісі келді. Бұл күні медициналық орталықта арнайы акция өтіп, 200-ден аса азамат қан тапсырған.

Дәрігерлердің сөзінше, қан тапсыру адам денсаулығына пайдалы. Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есе сирек ауырады. Қан тапсыру арқылы сіз жүрек-қантамырлары жүйесін бекітесіз және ағзаның өзіндік жаңартылу қызметін қосасыз. Тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар әдеттегі адамдармен салыстырғанда 5-8 жыл көп өмір сүреді және апаттар кезінде қан жоғалтудан неғұрлым шыдамды болып келеді. Қан тапсыру иммундық және тамақ қорыту жүйелері, ұйқы безі және бауыр аурулары, сондай-ақ атеросклероздың профилактикасы үшін керек. Ағзадан артық қанды шығара отырып, сіз ішкі мүшелеріңізді жеңілдетесіз. Осыған қоса қандағы темірдің мөлшері жоғары болуы ағзаға зиянын келтіреді, ал қан тапсыру арқылы темір құрамын азайтуға болады.

Айта кетейік, бүгінде қан орталығының донорлар базасында 500-ден астам қан қоры бар.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары