$ 498.34  519.72  4.85

Құрамы флавоноидтарға бай азық-түліктер қатерлі ісіктен қорғайды

Белгілі болғандай, үнемі (күніне кемінде 500 мг) цитрустық жемістер, қаражидек, алма, көк шай және басқа да флавоноидтарға бай азық-түлік жеген адамдар ұзағырақ өмір сүрген және өздерін жақсы сезінген.

Құрамы флавоноидтарға бай азық-түліктерді тұрақты түрде қабылдау қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін азайтады деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Nature журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, ғалымдар тобы 23 жыл бойы Данияның 56 мың тұрғынының тамақтану рационына талдау жасаған.

Зерттеу басталған кезде олар 52-ден 60 жасқа дейінгі аралықта болған. Ғылыми тәжірибе жүргізілген уақыт ішінде зерттеу қатысушыларынан 14083 адам қайтыс болған. Олардың 4065-і жүрек-қан тамырлары, ал 6299-ы онкологиялық аурулардан көз жұмған.

Белгілі болғандай, үнемі (күніне кемінде 500 мг) цитрустық жемістер, қаражидек, алма, көк шай және басқа да флавоноидтарға бай азық-түлік жеген адамдар ұзағырақ өмір сүрген және өздерін жақсы сезінген.

Ең қызығы, бұндай азық-түліктер темекі мен алкогольді ішімдікке құмар адамдарға барынша пайдасын тигізген.

Алайда, ғалымдар флавоноидтардың темекі мен алкогольден келетін залалды жоймайтынын, тек оны жеңілдететінін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#азық түлік