Кеше ғана біздің редакциямызға Аршалы ауданының тұрғыны хабарласып, сол ауданға қарасты Ольгинка ауылында Сібір жарасы пайда болғанын айтып, дабыл қаққан еді. Міне, бүгін оның сөзі ресми түрде расталып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ауыл әкімі дәрігерлер, полиция және ветеринарлық қызметпен ақылдаса отырып, Ольгинкада карантин жариялады. Ветеринарлық қызмет өкілдері аты жаман дертке шалдыққан малдардың денесін жоюмен айналысуда.
«Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округіндегі Ольгинка ауылында карантин бекітіледі. Ольгинка ауылындағы тұрғындар малының Сібір жарасына шалдығуына қатысты болжам зертханада тексерілді» деп жазылған ауыл әкімінің шешімінде», деп хабарлайды sputniknews.kz «Көкшетау Азия»ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ветеринарлық зертхананың сараптама қорытындысы 16 тамыз күні белгілі болды. Сүт және ет сынды қауіпті болуы мүмкін өнімді ауылдан шығаруды немесе ауылға әкелуді тоқтату шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, әр үйдегі төрт түлік тексеріледі. Полиция бекеттері орнатылған.
Ескерте кетсек, Сібір жарасы – мал және жабайы жануардың бациллус антрацис микробын коздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру.