$ 498.34  519.72  4.85

«Тұздың мөлшерін қадағалау керек»: ҚДСҰО дұрыс тамақтану бағытын ұсынды (ФОТО)

Ас дайындағанда еттің майын алып тастап, жеңіл тамақ жасауға тырысыңыз.

Тұтынатын тағамымыздың денсаулыққа қалай әсер ететіні жайлы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Дұрыс тамақтана білген адамның денсаулығы мықты болады, қартаюдың алдын алады. Асқазан, жүрек-қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Сонымен, деніңіз сау болғанын қаласаңыз, онда: май, тұз, қантты тұтынуды қысқартыңыз.

Ас дайындағанда еттің майын алып тастап, жеңіл тамақ жасауға тырысыңыз. Ең бастысы, тұздың мөлшерін қадағалау керек. Себебі тұз – онкологиялық ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Бұдан бөлек, қолданып жүрген қанттың мөлшеріне назар аударыңыз. Әйтпесе ең алдымен тісіңізден айырыласыз. Сонымен қатар, жүрек тамыр жүйесіне теріс әсер етеді, май алмасу бұзылады, диабеттің даму қауіпі ұлғаяды.

Олардың орнына көкөністерді қолданыңыз.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ақпаратынша, адам күніне кем дегенде 400 гр көкөніс қолдануы тиіс. Бір ескеретін жайт, көкөністерді қуырылған күйінде жемеген дұрыс.

Сосын сұйықтық мөлшері қанша көп болса, сонша жақсы. Тіршілік нәрі адам ағзасы үшін өте маңызды, өйткені организм бір тәулікте 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам осынша су ішуі керек. Ол – бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары