26.08.2019, 12:45

Дәрігер тісті құртатын азық-түліктерді тізіп берді

Смирновтың айтуынша, күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында.

Медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Дмитрий Смирнов тістің эмалін бұзатын азық-түлікті атады, деп хабарлайды Sputnik, «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар. Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді.

«Мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да өте қауіпті. Олар ауыз қуысында тісжегінің таралуына әкеп соғады», – делінген хабарламада.

Смирновтың айтуынша, күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында. Бұл тағамның қалдығынан тісжегі пайда болады.

Тізімге, бұдан бөлек, шала қуырылған жұмыртқа мен уылдырық, кептірілген жеміс енген. Олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қояды. Маман бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес береді.

Қышқыл жеміс-жидек пен олардан дайындалған шырындар да тіс эмалін бұзады.

Тұздық пен тосап та қауіпті өнімдердің қатарында. Бұған қоса, чука балдырынан әзірленген салат пен маринадталған өнімдер де тісті бұзып қана қоймай, қызыл иекке зиян келтіреді.