$ 494.87  520.65  4.91

«Аллергиядан арылғыңыз келсе, адыраспан шегіңіз»: қызылордалық қыз ұсынған «ем-домның» пайдаға асатыны рас па?

«Күніне 3-4 рет адыраспан түтінін ішке тартып, қайта шығарып, әр жолы 7-8 реттен қайталайтын болдым. Аллергиямнан құтылу мақсатында адыраспанды «шегіп», нәтижесінде бронхиттен де айықтым».

Аллергия және бронхит ауруларынан қалай айығуға болады? Оған қатысты Шымкент қаласының тұрғыны жазған шағын мақала ватсап желісі арқылы тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өзім қолданып көрдім» айдарымен осы мақала жарық көрген газет қиындысы қазір біраз телефонның экранында тұр. Аманбек Нұрғабылов есімді кісінің бір редакцияға жолдаған хаты екен.

«Мен аллергия мен бронхит ауруларының емін білемін. Осы екі дертпен ұзақ жылдар бойы ауырып, қолданбаған дәрі-дәрмек қалмаған деп айта аламын. Тіпті, шипажайларда да емделдім», – деп бастапты ол мақаласын.

Содан кезекті «Жаңақорған» шипажайына барғанда да аяқ астынан көзі қызарып, түшкіре бастаған. Сөйтіп, Шымкентке кері қайтпақ болып отырғанында, бір қызылордалық қыз оған бұрын-соңды естіп көрмеген ем-дом ұсыныпты.

«Адыраспанның піскен дәндері мен жапырақтарын майдалап (сояу сабақтарын қоспаңыз), газет қиындысына орап, темекі секілді тарттым. Күніне 3-4 рет адыраспан түтінін ішке тартып, қайта шығарып, әр жолы 7-8 реттен қайталайтын болдым. Аллергиямнан құтылу мақсатында адыраспанды «шегіп», нәтижесінде бронхиттен де айықтым», – дейді Аманбек Нұрғабылов.

Мақала соңында ол әлгі «шөп шеккізген» қызылордалық бейтаныс қызға алғысын да білдірген.

Автордың айтуынша, шипажайлар мен емханалардан еш нәтиже шықпаған дерттен осылайша өз бетінше «емделіп» жазылуға да болады-мыс. Ал бұған медицина мамандары не дейді?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары