Кей адамдар өмірін кофесіз елестете алмайды. Ол аз ұйықтап, ұзағырақ жұмыс істеуге көмектеседі және десертпен жақсы үйлесім табады. Кей адамдар байқамай көп ішіп қояды. Кейін кофенің артық мөлшері өзінің жағымсыз әсерлерін бере бастайды. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Кофеин ұйқышылдықтан арылтып, жүйке жүйесіне себепші болады. Сонымен қатар, ол тамыр соғуын жылдамдатып, адреналин бөлінуіне ықпал етеді. Егер оны орынды мөлшерде ішсеңіз, әрине, бұл қасиеттердің адамға пайдасы бар. Бірақ кофеиннің артық мөлшері адамды барлық нәрсеге сезімтал етіп жіберуі мүмкін. Мысалы, мазасыздық пен қорқақтықты арттырып жібереді.
Кофені көп ішіп қойғаныңызды білдіретін белгілер:
- тыныс алу проблемасы;
- кеуде тұсының ауыруы;
- жүрек айну;
- жүректің жылдам соғуы.
Орташа мөлшер – күніне 400 мг кофеин: ол шамамен 4 кесе кофеде болады. Бірақ кей кофеханаларда бір шыны аяқ кофеде 4 кеселік кофеин мөлшері болады.
Егер кофені көп ішіп қойсаңыз, қандағы кофеин деңгейі жартылай азаюы үшін шамамен 9,5 сағат қажет. Бірақ бұл сіз 9 сағат бойы жағымсыз әсерден құтыла алмайсыз деген сөз емес.
Артық кофенің ағзаға тигізетін жағымсыз әсерінен арылу үшін былай жасаңыз: -
Біріншіден, қарапайым су іше беріңіз. Ол артық кофеиннің кей белгілерін жеңілдетуге және ағзаға онымен күресуге көмектеседі.
- Екіншіден, спортпен айналысыңыз. Жаттығулар ағзадан кофеинді жылдам шығаруға көмектеседі.
- Үшіншіден, калийге және магнийге бай өнімдер жеңіз. Мысалы, банан. Кофеин ағзадағы осы элементтерді сіңіріп алады, сондықтан кофені өте көп ішкен кезде қолдарыңыз дірілдей бастайды.
Дереккөз: Massaget.kz