$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда вирустық менингитке – 240, бактериялық менингитке 7 адам шалдыққан

«Қала бойынша ешбір нысанда қандай да бір шектеу шаралары енгізілмейді. Маусымдық мерзім биылғы қарашаға дейін жалғасады», – дейді маман.

Елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мағрипа Ембергенова қалада менингитке шалдығу оқиғаларының тіркелуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биыл 8 айда вирустық менингит диагнозының 240 оқиғасы және бактериялық менингиттің 7 оқиғасы тіркелді. Жалпы, энтеровирустық инфекция – маусымдық сипатқа ие ауру. Яғни, жыл сайын тіркеледі. Аурудың маусымдық сипатына орай және қала тұрғындарының өсуіне байланысты ауруға шалдығу көрсеткіші тұрақты. Осыған байланысты қала бойынша ешбір нысанда қандай да бір шектеу шаралары енгізілмейді. Маусымдық мерзім биылғы қарашаға дейін жалғасады», – деді М. Ембергенова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында балабақшаға баратын екі балдырғанда менингит инфекциясы анықталды. Осыған орай, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов қала тұрғындарына үндеу жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#минингит