Денсаулық 11.09.2019 сағат 17:30

Электронды темекінің зияны туралы медициналық университеттің ректоры сөз қозғады

Е-темекілерге ДДҰ 195 мүше-мемлекеттерінің ішінен 30-ында тыйым салынған, ал 65 мемлекет оны реттеу бойынша заңнамалық шаралар енгізген.
Электронды темекінің зияны туралы медициналық университеттің ректоры сөз қозғады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жақын арада еліміздің медициналық ЖОО, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және «Темекiсiз» ҚҚ темекіге қарсы күресу бойынша күштерін меморандуммен бекітті. Астанадағы медициналық университеттің ректоры, «Қазақстандық медициналық кеңес» Медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Дайнюс Павалькис осы меморандумның қызметі қандай деген сұрағымызға былайша жауап берді: 

- Дайнюс мырза, айтыңызшы, жалпы меморандумның басты мақсаты неде?

- Шылым шегу – жүрек-қантамырлары жүйесінің аурулары, онкологиялық аурулар, тыныс алу жүйесінің аурулары сияқты жұқпалы емес ауруларды дамытатын басты қауіп факторларының бірі. 
 Бүгінгі таңда, Қазақстанда, сонымен қатар бүкіл әлемде темекімен күресу мәселесі күрделі міндет болып табылады және темекі өнеркәсібінің тактикасымен, әсіресе ғылыми зерттеулердің демеушілігі, жастардың қатысумен өтетін ірі шаралар сияқты шешімдермен қиындай түсуде. 

Осы мәселеге қатысты, еліміздің медициналық ЖОО, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және «Темекiсiз» ҚҚ темекіге қарсы күрес бойынша күштерді біріктіріп, медициналық ЖОО бейілділігін арттырған меморандум жасасу  жөнінде саналы бастамашылық жасалды. 

Қазақстанда бекітілген ДДҰ Темекіге қарсы күрес бойынша шекті конвенциясының (бұдан әрі – ДДҰ ТКШК) 13 бабына сәйкес, темекі және темекі демеушілігін тікелей және жанама жарнамалаудың барлық түрі мен сатылымына толық тыйым салынуы қажет.  

- Қандай бағыттарда жұмыс жасауды жоспарлаудасыз?

- Меморандумның бағыты кең, оның ішінен негізгілерін атап өтейін, олар: қоғамдық денсаулық сақтауды темекі өнеркәсібінің коммерциялық және демеушілікке қатысты басқа да корпоративтік қызығушылықтарынан қорғау,  ғалымдардың темекі индустриясымен қосылуын болдырмау, темекі өнімдерінің зияны туралы ақпарат алуды жоғарылату және т.б. Медициналық ЖОО – медициналық ғылым мен білімді дамытатын басты қоғамдық институттар, жастар арасындағы идеяларды таратушы, салауатты өмір салтын насихаттайтын орын, сондықтан біз осы атақты барлық жауапкершілікпен алып жүру керекпіз. 

- Электронды темекілерге қатысты не айта аласыз? Бүгінгі күнде көптеген жастарды жаңа электронды девайстармен көрудеміз және олар оны зиянды емес деп санайды.

- Электронды темекілердің зияндылығы қарапайым темекілердікіндей. Е-темекілерге ДДҰ 195 мүше-мемлекеттерінің ішінен 30-ында тыйым салынған, ал 65 мемлекет оны реттеу бойынша заңнамалық шаралар енгізген. ДДҰ соңғы зерттеулеріне сәйкес, олардың құрамында формальдегид, ацетальдегид және т.б. сияқты уытты толтырғыштар қамтылған. Өкінішке орай, жаңа девайстарға қатысты зерттеу жүргізу үшін көп уақыт және ресурстар талап етіледі. Өйткені, қазіргі заманда темекі өнеркәсібі бір орында тұрмайды және жастарды жаңылыстыратын көптеген түрлі маркетингілік жаңалықтарды енгізуде, бірақ олардың «төмендетілген» зияндылығы осы уақытқа дейін әлі расталған жоқ. 

- Бұған қатысты біздің мемлекет қандай әрекет жасауда? 

- Денсаулық сақтау министрлігі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасын әзірледі, ол жерде денсаулыққа ықпал ететін қауіп факторларының деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар жоспарланған. Мысалы, дүкендерде темекі өнімдерін жайып сатуға тыйым салуды енгізу, сондай-ақ қарапайым темекілер сияқты жаңа девайстарды (электронды темекілер) пайдалануға қойылатын осындай талаптарды сақтау сияқты. 

- Бұл халықаралық тәжірибе ме?

- Иә, ДДҰ электронды темекілерге  басқа темекі өнімдеріне қойылатындай реттеу шараларын қабылдау бойынша ұсыныстар береді.  

- Сіздің көзқарасыңыз бойынша, бізге темекі индустриясымен күресу, әсіресе жастарға бағытталған шараларды күшейту үшін не істеу керек?

- ДДҰ Темекіге қарсы күрес бойынша шекті конвенциясының 5.3. бабында Тараптарды ұлттық заңнамаға сәйкес қоғамдық денсаулық сақтауды темекі өнеркәсібінің коммерциялық және басқа да корпоративтік қызығушылықтарынан қорғауға бағытталған шаралар қабылдауға міндеттейді.

Бірақ, өкінішке орай, көптеген онжылдықтар бойы темекі бұйымдарының маркетингі жеткілікті деңгейде күшейген және спорт, кино, музыка, Интернет және әлеуметтік желілер сияқты барлық салаларға еніп кеткен.  Көптеген жаңа темекіні қыздыру құралдарын сататын бутиктер жастар мен жасөспірімдер көп жиналатын сауда орталықтарында орналасқан. Сондықтан, бұл жерде тек Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, бүкіл ел болып күш салысу қажет. Бұл әр азаматқа қатысты мәселе.  

Елімізде көп жылдар бойы негізгі себебі темекі болып табылатын жүрек-қантамыр патологиясының, онкологиялық аурулардың таралуы өршіп тұр, сол үшін біз пайда туралы мүлдем ойламауымыз қажет. 
Қазақстанда темекі бұйымдарына салынатын акциз өте төмен, басқа елдермен салыстырғанда темекінің бағасы өте арзан тұрады. Дегенмен, халықаралық тәжірибеде жоғары акциздермен қатар, темекі компаниялары бұл ақшаларды қоғамдық денсаулық игілігіне пайдалану үшін Денсаулық қорына төлейді, және бұл менің ойымша әділетті сияқты – жыл сайын болатын 8 миллион өлімге темекі индустриясының шағын құн төлеуі.

Сондықтан, қол қойылған меморандум жемісті жұмыс жасап, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау идеяларын ілгерілету үшін әлі көптеген ұйымдарды қамтиды деген үміттемін.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар