Сарымсақтың өткір иісі мен ащы дәмі көп адамдарға ұнай қоймайды. Дегенмен, түрлі тағамдар мен салаттардың дәмін келтіріп, тәбетті ашатын да сарымсақ екені даусыз. Сонымен қатар, аурудың алдын алу мақсатында немесе суықтап қалған жағдайда ем үшін жейтіндер де бар. Иә, сарымсақ өте пайдалы көкөніс. Құрамы ақуызға көмірсулар мен 400-ден аса биологиялық белсенді элементтерге бай. Бір түйірін жегеннен кейін-ақ, қан айналымның жақсарып, зат алмасу жұмысы реттеле бастағанын сезінесіз. Бұдан бөлек, сарымсақ…
Сарымсақ – табиғи антибиотик
Сарымсақта ең күшті бактерияға қарсы аллицин деген зат бар. Алайда аллицин сарымсақты турағанда немесе езгенде тез тарап, ал, қыздырғанда, яғни тамаққа қосқанда тез бұзылады екен. Сондықтан да мамандар сарымсақты шикідей жеуді ұсынады. Жасанды антибиотиктер сарымсақпен ешқашанда теңесе алмайды. Себебі сарымсақ өте зиянды бактерияларды түбегейлі жоятын қасиетке ие. Өзі ащы болса да пайдасы оразан зор пияз тектес бұл өсімдікті күн сайын жейтін болсаңыз, туберкулез, кандидоз және жұқпалы іш ауларынан өз ағзаңызды қорғайтын боласыз.
Сарымсақ – зат алмасуды жақсартады
Сарымсақты жеген соң асқазан-ішек жолдарында мынадай өзгерістер орын алады: Асқазан сөлінің қалыпты бөлінуіне, темірдің жақсы сіңуіне әсер етеді; Ас қорыту жүйесі мен ұйқы безі жұмысын жақсартады; Ішекке зиянды бактерияларды жояды; Тәбетті ашады. Есте сақтаңыз! Гастрит, асқазан мен 12 елі ішек жарасында, панкреатит, ұйқы безі қабынуы кезінде сарымсақты жемеген дұрыс.
Сарымсақ және қант диабеті
Қант диабетіне шалдыққан жандарға сарымсақты күн сайын жеуге кеңес береміз. Өйткені аталмыш көкөніс қанттың қан құрамына шоғырлануын 25%-ға дейін төмендетеді екен. Сондай-ақ, артериялық қан қысымы мен қан тамырларына жағымды әсер етіп, қант диабетімен ауыратын жандарды жүрек бұлшықетінің белгісіз дертінен, атеросклероздан қорғайды.
Сарымсақ және қатерлі ісік
Күкірт, диаллил сульфид, селен және тағы басқа химиялық элементтер еркін радикалдарды ағзадан шығарып қана қоймай, қатерлі ісік жасушаларын өлтіреді. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, сарымсақты үнемі пайдаланатындар онкологиялық аурулардың дамуына 20 пайыз тосқауыл қояды екен. Мысалы, асқазан, тоқ ішек, бауыр мен сүт безінің қатерлі ісігі.
Иммунитетті көтереді
Жоғарыда айтып өткеніміздей күзде ауада зиянды вирустар көбейеді. Ал, мұнымен сармсық ғана күресе алады. Сол үшін де тұмау мен инфекциялық аурулардың алдын алу үшін сарымсақ жеген дұрыс. Ғалымдардың зерттеуі бойынша сарымсақты күн сайын жеген адамның өз-өзін тұмаудан 60 пайыз қорғайтыны белгілі болған. Тіпті, сарымсақтың «хош» иісіне қарамай қалағанынша жейтіндердің ағзасы тұмауға 70 пайыз қарсы тұра алады.
Сарымсақ арықтауға көмектеседі
Сарымсақ диеталық тағамға жатады. Оның 1 тісінде 3-4 калория ғана бар. Артық салмақтан арылып, сымбаты мен сұлулығының арта түскенін қалайтын нәзікжандылар күнделікті ас мәзіріне сарымсақты қосқаны жөн. Себебі, сарымсақ: Ол тері астына жабысқан майды кетіреді; Ағзадағы артық сұйықтықты сыртқа шығарады; Ас қорыту мен зат алмасу жүйесінің жұмысын жақсартып, тағамның тез сіңуіне әсер етеді.
Сарымсақты ұйқы қашқанда, тыныс жолдары бітелгенде жастығыңыздың астына қойып жатыңыз
Сарымсақтың өткір иісі адам жанын тыныштандырып, тыныс алу жолдарын тазартады. Сондықтанда ескіден келе жатқан халық емі бойынша ұйқы бұзылғанда, тыныс алу жолдары бітелгенде сарымсақты жастықтың астына қойып жатқан пайдалы. Әйтпесе, тұмаудың әсерінен тыныс алу қиындап, таңға дейін көз ілмеуіңіз мүмкін.
Дереккөз: Ernur.kz.