$ 447.4  477.55  4.76

Бүйрегін ауыстырған әйел салмағы екі келіден асатын сәби босанды

Өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды, мерзімінен бұрын босанады немесе бала іште жатып шетінейді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Алматыда бүйрегін ауыстырған әйел ана атанды, деп хабарлайды ДСМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«29 қыркүйекте Алматы қаласындағы Перинатология және балалар хирургиясы орталығына жүкті пациент түсті. 2014 жылы оның бүйрегіне туыстық трансплантация жасаған еді. Трансплантолог, нефролог, гинеколог және басқа мамандардан құралған дәрігерлер тобының көмегімен бұл пациенттің жүктілігі және кесар тілігі сәтті өтті. Нәтижесінде салмағы 2 келіден асатын сәби дүниеге келді. Дәрігердің тексеруінен кейін бала анасымен бірге», - делінген хабарламада. 

Статистика сәйкес, өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды, мерзімінен бұрын босанады немесе бала іште жатып шетінейді. Сондықтан трансплантация жасатқан науқастар жүктілікті жоспарламас бұрын мұқият тексеруден өтеді, сондай-ақ, аяғы ауыр болған жағдайда олар иммуносупрессивті терапия қабылдауы тиіс, өйткені трансплантат (бүйрек ауыстыру) функциясын жоғалтуы мүмкін немесе пациенттің өміріне қауіп төндіруі ғажап емес. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары