Пневмонияның негізгі себептерінің бірі - пневмококкты инфекция, ал пневмококк - оның қоздырғышы. Пневмония - өкпе тінінің қабынуы. Ол негізінен альвеолаларға әсер етеді және олардағы қабыну сұйықтығын дамытады. Аурудың типтік басталуы дене қызуының жоғарылауымен, кеуденің ауыруымен, қақырықтың мол бөлімі бар жөтелмен жүреді. Атипті пневмонияда құрғақ, өнімсіз жөтел бар, екіншілік симптомдары басым – бас ауруы, тамақтың қышуы және әлсіздік. Диагностиканың негізгі әдісі - флюорография - өкпенің рентгенографиясы. Онда қара жарықтар, сондай-ақ, қақырық дақтары бар.
Пневмонияның алдын-алу:
Үй-жайды үнемі желдетіп отыру, тұрғын үйді таза ұстау;
Қозғалыс режимін сақтау: таза ауада серуендеумен бірге қалыпты физикалық жүктемелер ауырып қалу мүмкіндігін төмендетеді;
Жалпы, нығайтқыш іс-шараларды жүргізу: профилактикалық массаж, шынықтыру, су процедуралары;
Дұрыс өмір салтын ұстану: зиянды әдеттерден бас тарту, қалыпты дене жүктемелерімен толыққанды демалысты ауыстыру;
Қатты салқындаудан аулақ болу;
Тыныс алу органдарының созылмалы ауруларын емдеу курсынан уақытында өту.
Қазақстанда кең таралған ауруларға қарсы барлық белгілі вакциналар бар, соның ішінде ең озық 13 – валентті пневмоккты инфекцияға қарсы вакцина, ол 13 аса патогенді серотиптерді, яғни пневмоккты қамтиды.
Қазақстан Республикасының профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес келеді. Көптеген дамыған елдердің, оның ішінде батыс елдерінің (Австрия, Израиль, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестесіне ұқсас.
Дүниежүзілік пневмониямен күресу күнінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары әр адамды пневмония мәселесі туралы ойландырып, туыстары мен жақындарында пневмонияның пайда болу қаупін төмендету үшін мүмкіндігінше барлығын жасауға шақырады. Иммунитетті нығайту, вакцинациялау, ЖРВИ алғашқы белгілері кезінде дәрігерге уақытылы жүгіну, сонымен қатар, емдеуші дәрігерден кеңес алу кез келген аурудың алдын алуға көмектеседі. Өзіңізді қорғаңыз және профилактика – пневмониямен қоса, кез келген аурумен күресудің ең тиімді әдісі екендігін естен шығармаңыз.