Вейп құрамындағы қауіпті компоненттердің бірі - Е витамині мен пропиленгликоль. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог Ярослав Ашихмин "360" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды "Лента.ру".
Ғалымның айтуынша, Е витаминінің ағзаға керегі жоқ екен және ол обырдың асқынуына себеп болады. Ал пропиленгликоль қызған кезде өкпеге зиян келтіреді. Ол қарапайым темекіні электронды темекіге ауыстырмауға кеңес берді. "Бүгінде адамның темекі шегуін тоқтату үшін әсерлі дәрі-дәрмектер бар", - дейді кардиолог.
Оның айтуынша, электронды темекілер қажет тексеруден әлі өтпеген және бұл сонысымен қауіпті екен. Осыған дейін АҚШ-тың ауруларды бақылау және емдеу орталығының өкілдері Е витамині электронды темекі шегетіндер арасында жиі болатынын айтқан. Бұл компонент сараптамаға алынған барлық электронды темекі түрінен табылған.
Дереккөз: tengrinews.kz