Диетологтар темекідан бас тартқан бойда тез артық салмақ жинайтындарға қатысты пікір білдірді, деп жазады Iz.ru.
«Осы сәтте темекі түтініне организмі үйренген адамдар никотинді майлы және тәтті тағамдарға алмастырады, олар осындай тәсілмен ми қозуының жетіспеушілігін өтеуге тырысады. Сондықтан салмақ қосады», - деді диетологтар қауымдастығының мүшесі Марина Макиша.
Бұл проблемадан арылу кезінде дұрыс тамақтанған жөн.
Маманның айтуынша, темекіден бас тарту кезінде туындайтын белгілер екі-үш апта ішінде жоғалады. Бұл уақытта таңертеңгілік, түскі және кешкі ас ішіп, калориясы көп, пайдасыз тағамдардан аулақ болу керек. Керісінше, жемістер мен көкөністерді көп жеген маңызды.
Сондай-ақ, темекіні тастауға итермелейтін никотині аз арнайы дәрілер көмектеседі.