$ 494.87  520.65  4.91

Дәрінің орнына қандай тағамдар қолдануға болады?

Дәрігер бұл тағамдарды тек жеп қана қоймай, компресс және маска ретінде қолдануға болатынын атап өтті.
фото: azh.kz
фото: azh.kz

Кей тағам дәріні алмастыра алады. Мұндай қорытындыны дәрігер Франциска Рубин Focus-қа берген сұхбатында айтты, деп жазады Baq.kz.

Оның айтуынша, сұлы, картоп, зімбір, бал, куркума, орамжапырақ, май, тұз, лимон және жуа дәрінің орнын баса алады. Дәрігер бұл тағамдарды тек жеп қана қоймай, компресс және маска ретінде қолдануға болатынын атап өтті.

Сұлы мен орамжапырақ ішекке пайдалы. Сұлы холестерин деңгейін төмендетсе, екіншісі ас қорытуды реттеп, көздің жақсы көруіне ықпал етеді. Зімбір қанды сұйылтып, қант пен холестерин деңгейін түсіреді. 

Дәрігердің айтуынша, бал бронхит кезінде, ал тұз салынған ванна буынның ұстамалы ауруын емдеуге көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#картоп #дәрі