$ 494.87  520.65  4.91

2 аптада қалай арықтауға болады? - маман кеңесі (ВИДЕО)

Кей әйел, әсіресе, тұрмысқа шыққаннан кейін араласатын адам саны азайып, құрбыларымен емін-еркін әңгіме айта алмаған келіншектер эмоция аштығын тамақ жеу арқылы басады

Диетолог Гүлвира Ыбыраева іш құрылысына арналған жаттығу арқылы аз уақыт ішінде артық салмақтан қалай арылуға болатынын түсіндірді.

Гүлвира Ыбыраева – кейінгі 2 жылда 10 мыңнан астам қыздың арманын орындауға көмектескен диетолог. Оның айтуынша, артық салмаққа түрлі фактордың әсері бар. Негізгі факторлардың бірі – дұрыс тамақтанбау. Дәмді, майлы әрі тез дайындалатын тағамдар күннен күнге көбейіп жатыр. Оған түрлі дәмдеуіш қосылады. Мұндай тағамдардың дәмін көрген адам оны тағы жегісі келіп тұрады. Солай көп салмақ жинайды. Адамның араласатын ортасының азаюы да семіздікке себеп болуы мүмкін.

Стресс, депрессия, әйелдің босанғаннан кейін өзіне-өзі көңіл бөлмеуі мен қажет эмоцияның жетіспеушілігі де – негізгі себептердің бірі. Кей әйел, әсіресе тұрмысқа шыққаннан кейін араласатын адам саны азайып, құрбыларымен емін-еркін әңгіме айта алмаған келіншектер эмоция аштығын тамақ жеу арқылы басады, – дейді диетолог.

Маманның айтуынша, оңай әрі тез арықтаудың тәсілі – вакуум жаттығуы. Бұл жаттығуды дұрыс жасаса, екі аптада нәтижесін анық байқауға болады.

Жаттығудың мәні: мұрынмен ауаны ішке жинап, ішті шар тәрізді қампайту керек. Бұдан кейін ауаны ауыз арқылы барынша сыртқа шығарып, 8-10 секунд бойы демалмай, ішті тарту қажет. Осылай бірнеше рет қайталау керек. Ауа жоқ болған сәтте іш құрылысына массаж жасалады. Жүкті кезде ыдырап кеткен бұлшықетті де қалпына келтіруге болады. Жаттығу дұрыс істелмесе, денсаулыққа кері әсері бар.

Бұл жаттығу:

Босанғаннан кейін созылатын іш терісін қалпына келтіреді;

Іш құрылысының жұмысын жақсартады;

Қыпша бел болуға септігі мол;

Тік жүруге көмектеседі.

Дереккөз: baribar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары