$ 494.87  520.65  4.91

Шылым шегудің зияны - жүз пайыз болса, пайдасы - нөл пайыз

Табак - ағзаға оңай сіңіп кететін көптеген заттардан тұрады. Сонымен қатар адам ағзасы үшін иіскейтін табак та қауіпті болып саналады.

Бір дана адамға: «Адам үшін бұл өмірде ең маңызды және құнды нәрсе не екен? Атақ-даңқ па, әлде байлық па?» деген сұрақ қойған екен. «Байлық та, атақ-даңқ та адамды бақытты ете алмайды. Науқас патшадан гөрі денсаулығы мықты жарлы бақыттырақ» - деген екен дана кісі. Денсаулық дегеніміз – ең құнды нәрсе. Онсыз адам өмірінің қызықты және бақытты болуы мүмкін емес. Денсаулықтың арқасында адам білім алып, жұмыс істеп, өзінің сүйікті ісімен айналысып, демалады. Бірақ біздің ең басты кемшілігіміз, мұны біз «жанды механизм бұзылып», оны жөнге келтіру керек болғанда ғана ойлана бастаймыз.

Адамзатты денсаулығынан айыратын ең басты мәселелердің біріне шылым шегу жатады. Бәріміз бірлесіп осы тақырып туралы ойланып көрейікші. Адамдардың шылым шегуінің басты себебі неде екенін талқылайық. Сөйтіп шылым шегудің пайдасы бар деген аңызды жоққа шығарайық.

ДДҰ деректері бойынша, жердің 7,5 млрд тұрғындарының санына шаққандағы шылым шегушілер саны 1 млрд адамды құрайды екен. «Жыл сайын шылым тұтынушылар 5,7 млрд темекі данасын шегіп, 1 млн тонна шылым қалдықтарын тастайды екен» - деп хабарлайды The Tobacco Atlas атты бастамашыл американдық топтың аналитиктері. Олардың мәлімдеуінше, тонналаған шылым қалдықтарының қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға тигізетін зияны көп екен, өйткені олар целлюлоза ацетатынан, қалыпты ортада бұзыла қоймайтын өнімнен тұрады.

Табак - ағзаға оңай сіңіп кететін көптеген заттардан тұрады. Сонымен қатар адам ағзасы үшін иіскейтін табак та қауіпті болып саналады. Мұндай табак өнімдеріне басты айналдыратын құрғақ снафф та жатады. Оның қосындысы адамның көз жанарын ұлғайтып, реакциясын көтереді.

Табактың ең негізгі компоненті – никотин болып табылады. Оның құрамында психологиялық қасиетке ие және адамның қарқынды тәуелділігін арттыратын алкалоид бар. Никотиннен басқа өсімдіктердің барлығы шылым шегу кезінде өте көп токсинді заттарды: шайырмай, бензопирен, радиоактивтік металлдар (полоний-120, кадмий, қорғасын), тұншықтырғыш газ, формальдегид, нитрозаминдер, көгерткіш қышқылдарды бөліп шығарады. Мұның бәрі темекі түтінінің құрамында болады. Адам ағзасына түскен сәттен бастап, жинала береді.

Дүниежүзілік өлім көрсеткіштерінің себептерін анықтаған кезде темекі тартудың екінші орында екені мәлім болды. Бұл ретте шылым шегуді планетамыздағы адам өлімінің жетекші факторларының бірі деп санауға болады. Бұл зиянды әдет адам өмірін 10-14 жылға қысқартады екен.

Қазіргі заманауи қоғамда бұл жаман әдетке шалдыққандар - жасөспірімдер. Бұл - олардың психологиялық жетілмегендігіне мен бөтен адамдардың ой-пікірлеріне ілесуге деген бейімділігіне, құрдастары арасында өздерінің беделін бекітуге байланысты.

Жасөспірімнің ойынша темекі тарту – танымалдық пен атақтылықтың тренді болып саналды. Ол осы бағытқа сәйкес болғысы келеді. Әртүрлі шайнауға болатын қоспаларды пайдалану (насыбай, снюс) сәннің бір түріне айналып барады. Мектеп оқушылары табактың тағы бір түрі болып саналатын – «спайсы» дегенді қолданады.

Олардың бала жүйкесіне психологиялық белсенді ықпал етуі салдарынан есірткеге тәуелділік пайда болады.

Ересектерде темекі шегуге деген психологиялық қажеттілік қысым және стреспен күресуге, әйелдерде арықтауға деген тілектерге, ерік-жігердің жетіспеушілігіне, белгілі бір нәрсеге ойды аударуға байланысты.

Никотин адам ағзасына жағымсыз зиян келтіреді. Оның зиянды ықпалы негізінен тыныс алу жүйесіне жағымсыз әсер етеді. Темекі түтіні ауыз қуысына, мұрын жолдарына, өңештің шырышты қабығын тітіркендіреді. Сол себептен темекі шегушіні ылғи да қатты жөтел мазалайды. Темекі шегушінің табакты жиі пайдалануы бронхитке ұшыратады. Никотиннен тістердің эмалі бұзылып, оларға жақын орналасқан тіндерде қабыну басталады. Никотин, шайырмай және басқа да канцерогендер адамның бойында қатерлі ісіктердің болуына алып келеді. Ісіктер негізінен ауыз, көмей, өңеш және өкпе ағзаларында шоғырланады.

Жалпы, темекі тарту адамның барлық мүшелері мен тұтастай ағзасына: жүрек-қантамыры, ас қорыту, репродуктивтік жүйелерге, көру органдарына, несеп шығару органдары жүйесіне кері әсерін тигізеді. Барлық органдар мен жүйелердің бұзылуы - инсульт, ауыз, көмей, тіл, өңеш және өкпенің қатерлі ісіктері, пародонтит, стоматит, СОӨА, стенокардия, қолқа аневризмі, шашыраңқы склероз, миокард инфарктісі, гипертониялық аурулар, атеросклероз, асқазан және 12 елі ішектің жарығы, гастроэзофагелдік рефлюкс, остеопороз, бедеулік, импотенция сияқты көптеген ауруларға ұшыратады.

Пассивті түрде темекі шегудің қауіптілігі де тым жоғары! Пассивті түрде никотин түтінін жұтудың ағза үшін зиянды әсері тікелей темекі тартумен бірдей. Сондықтан көптеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салынады. Темекі түтінін жұту нәтижесі қатерлі ісік ауруының дамуына әкелу қаупін туғызады. Қатерлі ісік екі жыныс өкілдерінің де өкпесінде және әйелдердің сүт бездерінде пайда болады. Пассивті түрде темекі шегу бүйрек-жасушалық карциномаға ұшырауына әкеледі. Тіпті темекіні ашық тартпайтын жағдайлардың өзінде балалардың бойында мидың қатерлігі ісігінің даму қаупі жоғарылайды. Темекі тартуға пассивті түрде ат салысатын адамдар құлақтың ортаншы бөлігінің қабынуы, демікпе, жүрек ырғағының бұзылуы, атеросклероз сияқты ауруларға ұшырауға бейімдірек болып келеді. Темекі салдарынан ана құрсағындағы бала зардап шегеді. Егер жүктілік кезінде өзі темекі тартпаса да, анаға никотиннің қайталанбалы зияны тиеді, сондықтан баланы мерзімінен бұрын босану қаупі туындайды. Темекі шегуге пассивті қатысу арқылы адам 20 пайыз улы заттарды қабылдайды.

Медицина қызметкерлері күн сайын осы бағытта профилактикалық жұмыстар жүргізеді, егер, тіпті бір пациент осыған құлақ асып, темекі тартуды доғарса, бұл жеңіс болар еді. Мәселен, 2019 жылдан бастап темекі тартуға байланысты пайда болған созылмалы обструктивтік өкпе ауруы (СОӨА) Ауруларды басқару бағдарламасына енгізілген.

Осы бағдарлама шеңберінде пациенттің өз денсаулығына деген жауапкершілігі артады, себебі темекі шегуден бас тарту дәрі-дәрмексіз емдеудің басты факторы болып табылады.

Осындай мақсатпен «Денсаулық мектебінің» пациенттерімен сабақтар жүргізіледі. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ «Пациент мектебі» жұмыс жасайды, онда науқастармен, оның ішінде СОӨА пациенттерімен де оқу өткізіледі.

Олар өздерінің денсаулықтарына жауапты болып, асқыну немесе ремиссия кезінде денсаулықтарын бақылауда ұстауға, емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында дәрілік препараттарды, әсіресе ингаляциялық нысандарды дұрыс қолдануға үйренеді.

Темекі шегу денсаулыққа ғана зиян келтіріп қоймай, жанұя бюджетіне де кері әсерін тигізеді.

Бір қорап темкінің құны – 400 теңге тұрады. Дағдыланған әрбір ересек темекі шегуші күніне 1 қорап темекі шегеді. Темекінің салдарынан болған ауруларды емдеу шығындарын санамағанда, жыл сайын жанұя бюджетінен 150 мың теңгеге жуық қаражат шығын болады. Ал егер темекі шегушінің дағдысы 10, 20 жыл болса, онда шығын қанша болар еді?

Барлық темекі шегушілерге, әсіресе жастарға ойлану керек: болашағың өз таңдауыңа байланысты!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шылым шегу