$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Денсаулық сақтаудағы инновация-2019» ғылыми форумы өтуде

Қала әкімі медициналық көмектің сапасын жүйелі түрде жақсарту мақсатында Орталық клиникалық аурухананың ең жақсы тәжірибелері Алматыдағы барлық медициналық мекемелерге таратылатынын атап өтті.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында IV халықаралық «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» ғылыми форумы өтіп жатыр. Оған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлайды Sn.kz.

Халықаралық форум ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық қызметінің 90 жылдығы аясында өтуде. Алматыдағы орталық клиникалық аурухана (Совминка) 1929 жылы ашылған. Аталған медицина мекемесі науқастарға үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.

«Бүгінгі күні ол заманауи медициналық орталық, мұнда отандық медицинаны дамытушы және озық емдеу-диагностикалық практиканы енгізуші үздік дәрігерлер қызмет етеді», - деді форум барысында Б. Сағынтаев.

Қала әкімі медициналық көмектің сапасын жүйелі түрде жақсарту мақсатында Орталық клиникалық аурухананың ең жақсы тәжірибелері Алматыдағы барлық медициналық мекемелерге таратылатынын атап өтті.

«Дәрігерлердің кәсіби біліктілік деңгейі тұрақты артатын болады, олардың дұрыс жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайларды жасаймыз. Алдағы үш жыл ішінде ауруханалар мен емханалардың жабдықталу деңгейін 90%-ға дейін жеткіземіз», - деді әкім.

Айта кетейік, форум жұмысы екі күнге созылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары