Шымкентте алғаш рет Халықаралық перфузиологтар конференциясы өтуде, деп хабарлайды Sn.kz.
Перфузиология саласын дамыту мақсатында конференцияға Израиль, Германия, Латвия, Ресей мемлекеттерінен спикерлер шақыртылған.
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, қалалық кардиологиялық орталықта перфузиология саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.