$ 449.58  486.94  4.86

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер қайтыс болған науқасты «тірі» деп хаттама толтырған (ВИДЕО)

Министр бұл жағдайды өз бақылауына алатынын айтып, қала тұрғынына қайтадан арыз жазуға кеңес берді. Бұдан бөлек, қоғамдық қабылдауға 70-ке жуық арыз-шағым түсті.

Елордалық дәрігерлер қайтыс болған науқасты, "тірі" деп хаттама толтырған.  Бұл туралы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында белгілі болды,-деп хабарлайды Астана арнасы

Төрт жылдан бері әділдік іздеп жүрген Шухрат Таджиддинов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтан көмек сұрайды. Айтуынша қалалық аурухананың біріне асқазына ауырып жатқызылған әжесіне дәрігерлер араша бола алмаған. Ең сорақысы, науқасты үйіне тірі күйінде жібердік деп хаттама толтырған, деді. Астаналық азамат ауруханадан денесін алып шықтым деп отыр. Дәрігерлердің үстінен талай рет арыз жазғанмен, нәтижесі жоқ деп ашынды.

Шухрат ТАДЖИДДИНОВ, НҰР-СҰЛТАН ТҰРҒЫНЫ: Дәрігерлер оның медициналық картасын да өзгерткен. Онкологиялық ауруы болып деп жазып қойыпты. Ондай болған емес. Медициналық экпертиза жасап көрсе болады. Осы жағдай бойынша талай рет сотқа арыз жаздым. Бірақ, істі жылы жауып қоя береді.

Министр бұл жағдайды өз бақылауына алатынын айтып, қала тұрғынына қайтадан арыз жазуға кеңес берді. Бұдан бөлек, қоғамдық қабылдауға 70-ке жуық арыз-шағым түсті. Олардың арасында алаяқтық, зорлық-зомбылық және адам өлтіру қылмыстары бар. Негізінен жергілікті құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағымданушылар көп.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары