$ 491.7  531.28  5.07

Шымкентте қолжетімді бағамен көз ауруларына ота жасалмақ

Қазақстанның көз аурулары ғылыми-зерттеу орталығының филиалы әлемдік медицина талаптарының барлығына сай. Мұнда көру қабілетін аз уақыттың ішінде қалыпқа түсіруге болады.

Шымкентте көз жанарын емдеу енді оңай ғана емес, әрі тиімді болмақ. Көру қабілетін қалыпқа келтіргісі келгендерге бұған дейін бар қаржысын жинап, шетелге аттанудан басқа амал жоқ еді. Енді сапалы клиника үшінші мегаполисте де бар. Қазақстанның көз ауруларын ғылыми-зерттеу орталығының филиалы науқастарды қаламызда қабылдап, тіпті, ауыр оталардың өзін осында жасамақ, деп хабарлайды Sn.kz.

Орынкүл Әбдіхайымованы көз жанарының ауруы біраз уақыттан бері мазалап жүріпті. Ем іздеген зейнеткер біліктілердің тек Корея мен Германияда екенін естіген. Бірақ, шетелге баруға бекіне алмай жүрген ол қаламызда ашылған жаңа клиникаға келіпті. Денсаулығын жергілікті ақ халаттыларға тапсырған ол қабылдаған шешіміне дән риза. Себебі, айналасы 20 минуттың ішінде ота жасалып, бүгінде көзі алыс пен жақынды да көретін болған.

Орынкүл Әбдіхайымова, қала тұрғыны: «Маған шетелге барып емделуге кеңес берген еді. Бірақ, онда бару үшін қаншама қаражат керек. Соңында қалалық клиникаға тоқталдым. Еш өкінішім жоқ. Барлығын жақсы көре алатын болдым».

Қазақстанның көз аурулары ғылыми-зерттеу орталығының филиалы әлемдік медицина талаптарының барлығына сай. Мұнда көру қабілетін аз уақыттың ішінде қалыпқа түсіруге болады. Ол үшін Шымкенттен алыстаудың да қажеті жоқ. Бар болғаны порталда кезекке тұрып, тексеруден өту.

Егер көз жанарыңызды тексерістен өткізіп, емделгіңіз келсе, Қазақстан көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының филалына жүгіне аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көз