$ 494.87  520.65  4.91

Көктайғақ кезінде бетіңіз бен басыңызды қорғау өте маңызды - маман кеңесі

Қыста жалпақ табаны бар немесе төмен төртбұрыш өкшелі аяқ-киім киген дұрыс.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандықтарды күн суығанда артатын көше жарақаттарының қауіптілігі туралы ескертеді. Көктайғақ кезінде жарақат алмас үшін келесі кеңестерді сақтаңыз. 

Қыс мезгілінде жиі кездесетін жарақаттар – аяқ-қолдың сынуы. Олар адамның жығылып, инстинктивті түрде қолын алға созып, оған бүкіл дене салмағымен құлап кетуіне байланысты пайда болады. Ыңғайсыз қойылған аяқ жіліншік айналысының сынуына әкеледі. Әйелдерде бұл жағдайға биік өкшелі аяқ-киім киіп, сүріну ықпал етеді. Сондықтан әйелдерге қыста биік өкшелі аяқ-киімді сақтықпен киюге кеңес беріледі.

Қыста жалпақ табаны бар немесе төмен төртбұрыш өкшелі аяқ-киім киген дұрыс. Тайып кетпеуге көмектесетін үлкен қырлы табан болғаны жөн. Мұздың үстінде кішкене сырғанақтап жүру керек. Асықпай, ақырын жүрген абзал. Есіңізде болсын, қадам неғұрлым тез жүрген сайын құлау қаупі соғұрлым жоғары болады. Мұз үстінде әдейілеп сырғанауға болмайды - бұл табанда мұз қатуды күшейтеді. Қарт адамдарға аяқ-киімнің табанына арнайы сырғанауға қарсы төсемдерді жабыстыру ұсынылады.

Құлау кезінде келесі кеңестерді  сақтаңыз: отыруға тырысыңыз, осылайша «құлап түсудің» биіктігі төмендейді. Құлау кезінде сіз топтасуыңыз керек - иекті кеудеге жақындатыңыз, қолды ішке қарай тартып, шынтақтарыңызды бүйірлерге басыңыз. Иықтарыңызды алға қарай шығарып, аяқтарыңызды бірге ұстауға тырысыңыз. Бұны отырып істеген тиімді болады. 

Егер сіз артқа қарай құласаңыз, иығыңызды кеудеңізге жақындатып, қолыңызды мүмкіндігінше кең жайыңыз. Бұл сізді бас сүйек-ми жарақатынан қорғайды. Тайғақ баспалдақтан құлаған кезде бетіңіз бен басыңызды қорғау өте маңызды: оларды қолыңызбен жабуға тырысыңыз. Қолдарыңыз бен аяқтарыңызды жазып құлауды бәсеңдетуге тырыспаңыз - бұл сыну көлемін арттыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көктайғақ