07.12.2019, 17:34

Ғалымдар диета мен физикалық жаттығуларсыз арықтаудың жолын ұсынды

Зерттеу жұмысына 19 адам қатысты.

Америкадағы Калифорния университетінің ғалымдары диета және физикалық жаттығуларсыз арықтаудың жолын тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

Дәрігерлер бір тәулікте 10 сағат аралығында ғана тамақ ішуге, қалған 14 сағатта нәр татпауға кеңес берді. Олардың ойынша, мұндай тамақтану тәртібі семіздіктен арылып, көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Зерттеу жұмысына 19 адам қатысты. 

Сондай-ақ, олар әсіресе фастфудты көп тұтынатын адамдардың салмақтан арыла алмай қиналатынын айтты. Бақылау кезінде қатысушылар тек 10 сағат ішінде тамақ ішіп, арнайы қосымшаға әрбір жеген тамағын жазып отырды.

Мұнымен қатар, олар физикалық белсенділіктерінің қандай болғанын айтты. 

Артынша араға 12 аптадан кейін экспериментке қатысушылардың холестерин деңгейінің 11%-ке, ал артериялық қысымының 4-8 есе төмендегені белгілі болды. Мұнымен қатар, кейбір адам ұйқысының жақсарғанына тоқталды.

Тегтер: диета фитнес