$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Енді алматылықтар дәрі бағасын өздері реттейді

Егер адам дәрінің бағасы дәріханада негізсіз қымбат қойылғанын көрсе, қорапты суретке түсіріп, қосымша арқылы жібере алады.

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаменті dari.kz қосымшасын апробациядан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Енді тұрғындар осы қосымша арқылы дәрілердің бағасын салыстыра алады. Қосымшада дәрінің қорабы маркерленгені, бағасы, қауіпсіздік пен сапа тұрғысынан тексеруден өткен-өтпегенін көруге болады. Сонымен қатар, пациенттер өз пікірлерін де қалдыра алады. 

«Егер адам дәрінің бағасы дәріханада негізсіз қымбат қойылғанын көрсе, қорапты суретке түсіріп, қосымша арқылы жібере алады. Дәрілердің бағасы ҚР ДСМ интернет ресурстарында көрсетілген. Егер кәсіпкер дәрі бағасын тым қымбаттатып жіберген болса, аймақтық департаменттерге арыз түсіруге болады. Мұндай құқықбұзушылық үшін әкімшілік жаза қарастырылған», - деді қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрі