$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық конференция өтті

Іс-шараның басты мақсаты - ҚР педатрия саласының бүгіні мен болашағын саралау, балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыдағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Дені сау бала – ұлт болашағы», «Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе» тақырыбында екі бірдей халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Шараға Ресей, Литва, Корея, Түркия елінің педиатр мамандары мен ғалымдары, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері, республиканың үздік педиатрлары мен қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты - ҚР педатрия саласының бүгіні мен болашағын саралау, балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту. 

Конференция барысында педиатрия ғылымы, білім беру мен практиканың интеграциясы, педиатрия саласындағы жетістіктер, педиатриялық қызметтің негізгі мәселелері талқыланды. 

Атап айтқанда, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін одан әрі төмендету мәселелері, диагностикалау және емдеудің жаңа тиімді технологияларын енгізу; алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмектің сапасын жақсарту, хирургиялық патологиясы бар балаларға көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мен дамыту, педиатрия ғылымын дамыту және балалардың денсаулығын сақтау қызметінде инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің жоғары оқу орындарында сапалы педиатр кадрларын даярлау мәселесі де көтерілді. 

Екі күнге созылған шара аясында ел нарығындағы медициналық және фармацевтикалық өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#педиатр