$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда оқушылар арасында «Денсаулық зор байлық» акциясы ұйымдастырылды

Акция барысында оқушылар тарапынан лас қолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулар туралы сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Ұстаздар мен оқушыларға 20 жадынама таратылды. Аталмыш іс-шараға ұзын-ырғасы 45 оқушы қатысты.

Алматыда Алатау аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Денсаулық зор байлық» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара Алматы қаласы, Алатау аудандық әкімдігінің ұйытқы болуымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. 

Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары Өтемісов көшесі, 109 мекен-жайында орналасқан №169 ЖББМ 5 «А», 5 «Е» сынып оқушылары арасында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандарымен «Таза қолдар» тақырыбында акция өткізді.

Аталған акцияның басты мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын нығайту. Оқушыларға қолды жиі және дұрыс жуу әдістеріне үйрету арқылы, лас қол арқылы таралатын инфекциялық және паразитологиялық жұқпаларды алдын алу. 

Соның ішінде жедел ішек жұқпалары, вирустық гепатит «А», ЖРВ жұқпалары бойынша ерекше тоқталынып өтілді.

Сонымен қатар, балаларға жеміс-жидектерді жу ережесі түсіндірілді. Балалар өз тараптарынан қол жуу технологиясын көрсетіп, не үшін және қашан жуу керек екендерін түсіндірді.

Акция барысында оқушылар тарапынан лас қолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулар туралы сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Ұстаздар мен оқушыларға 20 жадынама таратылды. Аталмыш іс-шараға ұзын-ырғасы 45 оқушы қатысты.

Айта кетерлігі мұндай іс-шара Алматы аудандарында жиі өткізіліп тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#денсаулық