Әр нәрсені бір уайымдап, сары уайымның жетегімен кететін адамдардың күйзеліске ұшырап, өмірдің мәнін іздеуі денсаулық кері әсер ететіндігін америкалық анықтады. Ғалымдардың зерттеуінше жиі уайымдайтын адамдар күйзеліске тез ұшырайды екен,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ria.ru-ға сілтеме жасап.
Калифорния медициналық университетінің ғалымдары жасаған зерттеулері Journal of Clinical Psychiatry басылымында жарияланған.
Зерттеу нәтижесі бойынша, өмірдің мәнін түсінген адамдардың психологиялық әрі физикалық жағдайы жақсы болатыны анықталған. Керісінше, өмір мәні іздеу кезеңінде адамның уайымға салынуы, оның денсаулығының құлдырауына алып келетіні дәлелденді.
"Өз өмірінің мәнін ұғынған адам сабырлы әрі көңілі тыныш, уайымы аз болады. Ал, өмірде нақты мақсат-мұраты жоқ, бірақ, соны іздеу үстінде жүрген адам күйзеліске тап болуға бейім келеді. Өмірлік мақсаты туралы пәлсапалық жүйемен ойланады. Әйтсе де, өмірдің мәнін түсіну үшін денсаулықтың жақсы болуы, көңіл-күйдің көтеріңкі және ұзақ өмір сүрумен байланысты", – дейді осы зерттеу жұмысының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Дилип Джест.
Калифорния штатындағы Сан-Диего округінің 1042 тұрғынынан 3 жыл бойы алынған сауалнама нәтижелері зерттеудің әуелгі дәйегі ретінде қарастырылған.
Зерттеу нәтижесінде сәйкес, адамдардың өміріне қанағаттануы жас ерекшеліктеріне орай әртүрлі болатынын ғалымдар анықтады. Көбінесе, 60 жастан асқан адамдардың өз өмірлеріне көңілдері тола бермейді екен.
Зерттеу авторының бірі Авайс Афтаб деген ғалымның пікіріне сүйенсек, 60-тан кейін адамдардың өмірінде көптеген өзгерістен болады екен. Мәселен, адамдар қызметтерін бітіріп, бірқалыпты сезімдерді жоғалта бастайды. Оған қоса, жасының ұлғаюына байланысты денсаулықтары нашарлап, таныстары мен достары, туыстары өмірдегн өтеді. Сол кезде олар көзқарастары мен құндылықтарын өзгертіп, өмірдің мәнін іздей бастайды-мыс.
Алдағы уақытта зерттеу авторлары ұзақ өмір сүрудің, даналық пен жалғыздық және кезеңге өтудің, қиыншылық көрудің адам денсаулығына әсерін зерттемек.