$ 494.87  520.65  4.91

Сағыз шайнаудың 5 кері әсері

Сағыз шайнағанда іш ауырып, ауызға қышқыл дәм келіп, өт толып, жүрек айныса, бұл - аурудың белгісі.

Көпшілік сағызды "астың жылдам қорытылуына көмектеседі" деп шайнайды. Ал кейбірі жай ғана қызық үшін, енді бірі тәтті дәмі үшін, тағы біреулер жағымсыз иістен арылу үшін шайнауы мүмкін. Ал сағыз шайнаудың зиянды тұстарын білеміз бе? 

1. Тіс эмаліне әсері 

Сағыз шайнаған кезде ауыз қуысына сілекей шұбырады, ал сілекеймен бірге көптеген фермент бөлінеді. Егер тамақ ішкеннен кейін бірден сағыз шайнасаңыз, ферменттер бөлініп, ағза асты тез қорытуына себеп болады. Ал аш қарынға сағыз шайнасаңыз, бөлінген сілекейден ферменттер эмальді құрта бастайды. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанса, қызыл иекке де зиянын тигізуі мүмкін. 

2. Сілекей бөлінуін азайтады 

Сағыз шайнағанда сілекей көп бөлінеді. Сағызды жиі және ұзақ уақыт бойы шайнайтын болсаңыз, уақыт өте келе сілекей мүлде азайып, шырышты қабығы құрғап кетуі де мүмкін. Мұның ақыры дисбактериозға, ас қорыту жүйесі бұзылуына әкеліп соғады. 

3. Шайнау бұлшықеттеріне әсері 

Кішкене кезінен сағызсыз жүре алмайтын адамдардың шайнау бұлшықеті әсерінен жақ сүйегі "америкалық" шаршы түрінде дамиды. 

4. Тістеу дұрыс дамымайды 

Бұл да бала кезден жиі сағыз шайнаудан болады. 

5. Асқазан-ішек жолдары бұзылуы 

Адам бір нәрсе шайнай бастаса, дереу асқазанына қорыту керек деген белгі келеді. Тұз қышқылы, асқазан шырышы, өт, асқазан асты безі, фермент бөлініп, ал асқазанға ешқандай тағам түспесе, асқазан-ішек жолдары бұзылады. Бұл әсіресе балалар ағзасына қатысты. Сағыз шайнағанда іш ауырып, ауызға қышқыл дәм келіп, өт толып, жүрек айныса, бұл - аурудың белгісі.

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сағыз