$ 524.65  552.19  5.14

Шашын бояған әйелдің беті адам шошырлық өзгеріске ұшырады

Араға 15 жыл салып, Якуб шашындағы ағарған талшықтарын жасырмақ болып, қайтадан шаш бояуын қолдануға бекінген кезде қиын жағдайға тап болады. Ол шашын бояу мақсатында шоколад түсті бояуды таңдап алады. Келесі күні бояу кері әсер етіп, жұмысына барғанда мойны қатты ысып, қыши бастапты.
фото: lenta.ru
фото: lenta.ru

Шашын үй жағдайында бояп, сәнденуге тырысқан әйел "артық қыламын деп тыртық қылды". Мәселен, австриялық әйел косметикалық процедураны жасаймын деп, ауруханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

37 жастағы Петр қаласының тұрғыны Джули Якубтың сөзіне сенсек, жас кезінде ылғи да сұлулық салондарының қызметіне жүгініп, шашын бояпты. 

22 жасында шаштаразға барғаннан кейін аллергиямен ауырғандықтан, содан бері шаш бояуын пайдалануды тоқтатқан көрінеді. Араға 15 жыл салып, Якуб шашындағы ағарған талшықтарын жасырмақ болып, қайтадан шаш бояуын қолдануға бекінгенде қиын жағдайға тап болады. Ол шашын бояу мақсатында шоколад түсті бояуды таңдап алады. Келесі күні бояу кері әсер етіп, жұмысына барғанда мойны қатты ысып, қыши бастапты. 

Дәрі ішсе де өзін нашар сезінуін тоқтатпаған ол, дәрігерге қаралуға мәжбүр болады.

Дәрігер келіншекке қатты аллергиялық реакцияның басталғанын айтып,стероидты таблеткаларды қабылдауға рецепт жазып береді. Дегенмен, Якуб ертесіне тіпті, басының ауырып ісіп кеткені соншалық, көзін аша алмай қалады.Сондықтан әйел тағы да ауруханаға барады. Дәрігерлер оның бетіндегі терінің ісінуін жеңілдету және инфекцияның алдын-алу үшін антибиотиктер беріп, аллергиясы бір рет мазалаған болса, келесі шабуылдар одан сайын күшейе түсетіндігін түсіндіреді.

Беті ісіп, адам көргісіз халге жеткен келіншек бұрынғы қалпына оралу үшін үш аптадай ем қабылдаған. Енді ол "ешқашан шашымды боямаймын" деген шешімге келіп отыр.

Айтпақшы, әйелде мұндай реакция пара-фенилендиамин әсерінен туындағаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары