$ 494.87  520.65  4.91

Вирусқа қарсы алғашқы вакцина мақұлданды

Бұл эпидемияның шыққан жері - Батыс Африка.
фото: Zakon.kz
фото: Zakon.kz

АҚШ-та эбола вирусына қарсы алғашқы вакцинаны қолдануға рұқсат берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ria.ru-ға сілтеме жасап.

«Бүгін FDA агенттігі 18 жастан асқан адамдар арасында Эбола вирусының алдын алу үшін агенттік бекіткен алғашқы вакцина Erveboны қолдануға рұқсат бергенін мәлімдеді» деген мәтінде агенттіктің ресми сайтында ақпарат жарияланған.

Еске сала кетсек, Эбола эпидемиясы шамамен 5 жыл бұрын пайда болған. Бұл эпидемияның шыққан жері - Батыс Африка. Бұған дейін бұл дертті емдейтін арнайы ем болмаған.

Эбола - эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары