Америкалық Род-Айленд штатының тұрғыны Майк Горман 150 килограмдай артық салмақтан қалай арылғанын айтып берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, ria.ru-ға сілтеме жасап.
Өзінің айтуынша, ол мәжбүрлі түрде тамақтанудан зардап шеккен және күніне 20 мыңнан астам калориясы бар тамақ тұтынған. 46 жасқа толғанда оның салмағы 250 килограмға жеткен. Денсаулығына аса ауыр қауіп туындағанда, арықтауға шешім қабылдаған.
Горман дұрыс тамақтану режиміне көшеді. Ол үшін құрамында көмірсулары мен майы аз тағамдарды қолдана бастайды. Қатты семірген адам, оған қоса, әр күн сайын жаттығу залдарына барып, спортпен айналысуды дағдыға айналдырады. Дәл осындай жаттығу және тамақтану режимімен екі жылда 150 килограмм салмақ тастады.
Америкалық осындай нәтижеге жеткеннен кейін арықтауда ең бастысы өзіңді жиі тексеріп, қадағалап отыру керектігін айтты. Артық салмақпен күресуде тәжірибесі мол жігіт алдағы уақытта арықтауды көздейтіндерге жайлы диета түрін таңдауға кеңес берді.