10.01.2020, 12:40

Сарапшылар ең қауіпті диета түрін анықтады

Фото: pixabay.com
Қатерлі ісік пен диабет ауруының пайда болуына әсер ету қаупі жоғары.

Ғалымдар мен сарапшылар кетогендік диетаны адам денсаулығы үшін ең қауіпті деп атады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, «Комсомольская правда» хабарлайды

Эксперттердің сөзінше, диета түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Оның ішінде, қатерлі ісік пен диабет ауруының пайда болуына әсер ету қаупі жоғары.

Кето-диетаны ұстауда майлылығы жоғары және көмірсулары аз азық-түлікті қолдануы қауіпті. Мұндай жағдайда ағза глюкозаны жоғалтып, өз жиған майын "жей" бастайды.

Ол сонымен қатар, кетон денелеріне айналып, ми оны глюкозаның орнына энергия ретінде пайдаланады.

Сарапшылар кето-диета дененің ауырсынуына, күштің жоғалуына және танымдық қабілеттің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті.